Негізгі орта, жалпы орта білім туралы құжаттардың телнұсқаларын беру Мемлекеттік органда немесе "Азаматтарға арналған үкімет "мемлекеттік корпорациясы" КЕАҚ-да қызметті қалай алуға болады (қажетті құжаттар ):
1. құжатты жоғалтқан немесе бүлдірген кәмелетке толмаған баланың білім алушысының немесе ата-анасының (заңды өкілінің) негізгі орта және жалпы орта білім беру ұйымы басшысының атына өтініші;
2. білім алушының туу туралы куәлігі немесе жеке куәлігі (паспорты) (жеке басын сәйкестендіру үшін талап етіледі);
3. Тегі (Аты, Әкесінің аты (бар болса) өзгерген және (немесе) білімі туралы құжат бүлінген кезде білімі туралы құжаттың түпнұсқасы қоса беріледі.
Жеке басын куәландыратын құжаттар туралы мәліметтерді Мемлекеттік корпорация қызметкері "электрондық үкімет" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады және көрсетілетін қызметті берушіге жібереді.