«Білім беру ұйымдарының психологиялық қызметтерінің жұмысын әдістемелік сүйемелдеу және үйлестіру»
облыстық тамыз секциялық жұмысының ұсынымдары
1. Жоғарыда көрсетілген ақпаратты назарға алу.
2. Өз қызметінде келесі нормативтік-құқықтық актілерді басшылыққа алу:
- «Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы;
- «Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы» ҚР Заңы;
- «Неке және отбасы туралы» ҚР Заңы;
3. Ақмола облысы білім басқармасының, Ш.Уәлиханов атындағы КУ КЕАҚ және А.Мырзахметов атындағы КУ ведомствоаралық өзара іс-қимылы шеңберінде 2020-2023 жылдарға арналған психологиялық-педагогикалық зертхананың жоспары бойынша жұмысты жалғастыру.
4. Ақмола облысы білім басқармасының «Облыстық оқу-әдістемелік кабинеті» КММ бекіткен диагностикалық қызмет бағытын іске асырудың басым мәселесі психодиагностикалық әдістердің бірыңғай тізімін қолдану болып тану.
5. Педагог-психологтың жұмысында ақпараттық-ағартушылық бағытты күшейту, ата-аналардың, педагогикалық ұжымның, оқушылардың психологиялық құзыреттілігін арттыру іс-шараларын енгізу және әртараптандыру, атап айтқанда дәрістер, әңгімелер, семинарлар, тренингтер, жеке/топтық кеңес беруді жоспарлау және өткізу, педагогикалық кеңесте, әдістемелік бірлестік отырысында сөз сөйлеу, жадынамалар мен ұсынымдарды, нұсқаулықтарды тарату. Мектеп сайты, «Күнделік» жұмыс жүйесіндегі парақшалар, жеке/топтағы әлеуметтік желілердегі өзара әрекеттесу, мәртебелерді тақырыптық таңдау, әлеуметтік желілердегі жеке парақшалардағы жарияланымдар арқылы интерактивті диалог құру. Сынып, мектептегі ата-аналар жиналыстарында, дәрісханаларда психологиялық әңгімелер, «Отбасы сағаты» арнайы күндер, «Ата-ана сағаты» жеке және отбасылық консультациялар өткізу. «Психолог бұрышы», «Психологиялық пошта», психология сабағы, психология бойынша курс немесе факультатив, сынып сағаттары, тақырыптық кездесулер, әлеуметтік желілер, жадынамалар, стендтік ақпараттар арқылы оқушыларды ағарту жұмыстарын жүргізу. Өзін-өзі тәрбиелеу процесін ұйымдастыру көздерін көрсете отырып, өзекті тақырып бойынша экскурсия жүргізу. Тәлімгерлікті жүзеге асыру.
6. Психокоррекциялық іс-шаралар жүйесіне девиантты мінез-құлықтың барлық нормаларының (агрессия, әр түрлі тәуелділік, суицидтік мінез-құлық) алдын алуға, коммуникативтік және әлеуметтік құзыреттілікті дамытуға, деструктивті культтердің, секталардың, экстремистік ұйымдардың, маргиналды субмәдениеттердің ықпалын еңсеруге, баланың оң әлеуметтенуін, психологиялық жайлылығы мен эмоционалдық әл-ауқатын қамтамасыз етпейтін қолайсыз отбасыларды тиімді психологиялық сүйемелдеуге бағытталған жұмысты енгізу.
7. Қалалық/аудандық білім бөлімдерінің әдіскерлеріне біліктілікті арттыру, педагог-психологтардың «Жыл психологы», «Психологтың үздік кабинеті», «Озық педагогикалық тәжірибені жинақтау», «Үздік авторлық жұмыс» және басқа да түрлі деңгейдегі іс-шараларға қатысуы бойынша жұмысты жандандыру.
8. Суицидтің алдын алу бағдарламасы бойынша «BILIM FOUNDATIN» қоғамдық қорымен жұмысты жалғастыру.