2024 жылдың 1 сәуірінде Степногорск қаласының "Ақсу кентінің негізгі орта мектебі" КММ-де балалардың бірінші сыныпқа өтініштерін қабылдау басталып, 2024 жылдың 31 тамызына дейін жалғасады.
Балаларды мектепке қабылдау тәртібі 2018 жылғы 12 қазандағы № 564 бұйрықпен бекітілген.
Үлгілік қағидаларда айқындалған 2024 жылдан бастап құжаттарды қабылдау мерзімі күнтізбелік жылдың 31 тамызына дейін ұзартылды.
Бірінші сыныпқа алты жастан бастап даярлық деңгейіне қарамастан балалар және ағымдағы күнтізбелік жылы алты жасқа толатын, білім беру ұйымының қызмет көрсету аумағында тұратын балалар қабылданады:
- мәлімдеме;
- 3*4см (2 дана) баланың суреті;
- анықтама 052-2/у.
Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, биылдан бастап "бала денсаулығы паспортын" ақылы түрде сатып алудың қажеті жоқ. Баланың денсаулық паспортын баланың тіркелген жері бойынша емханалар мөрі бар анықтама түрінде тегін беретін болады.
Сонымен қатар, білім беру ұйымдарына артық құжаттарды, оның ішінде "баланың туу туралы куәлігін" талап етуге тыйым салынғанын хабарлаймыз.