"Ақмола облысы білім басқармасының Степногорск қаласы бойынша білім бөлімі Ақсу кентінің негізгі орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Основная средняя школа поселка Аксу отдела образования по городу Степногорск управления образования Акмолинской области"

СоцСети

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Ұсынымдар

«Білім беру ұйымдарының психологиялық қызметтерінің жұмысын әдістемелік сүйемелдеу және үйлестіру»

облыстық тамыз секциялық жұмысының ұсынымдары

 

1. Жоғарыда көрсетілген ақпаратты назарға алу.

2. Өз қызметінде келесі нормативтік-құқықтық актілерді басшылыққа алу:

- «Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы;

- «Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы» ҚР Заңы;

- «Неке және отбасы туралы» ҚР Заңы;

- «Орта білім беру ұйымдарында психологиялық қызметтің жұмыс істеу қағидасын бекіту туралы» Ақмола облысы әкімдігінің 2014 жылғы                                28 қарашадағы № А-11/578 қаулысы;

 - «Педагог мәртебесі туралы» ҚР Заңы;

- «Білім және ғылым саласындағы азаматтық қызметшілер лауазымдарының тізілімін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 29 қаңтардағы № 123 бұйрығына өзгерістер еңгізу туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы                     27 желтоқсандағы № 716 бұйрығы;

- «Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1193 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 21 мамырдағы № 302 қаулысы;

- «Мемлекеттік ұйымдар педагогтерінің жалақысын есептеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің                   2020 жылғы 11 мамырдағы № 191 бұйрығы;

- «Педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген тұлғалардың лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2009 жылғы 13 шілдедегі №338 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 30 сәуірдегі № 169 бұйрығы; 

 - «Мемлекеттік білім беру ұйымдары қызметкерлерінің үлгі штаттарын және педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген адамдар лауазымдарының тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы                       30 қаңтардағы № 77 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 3 маусымдағы №346 қаулысы;

- «Тәлімгерлікті ұйымдастыру қағидаларын және тәлімгерлікті жүзеге асыратын педагогтерге қойылатын талаптарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 24 сәуірдегі № 160 бұйрығы;

 

- «Баланың құқықтарын қорғауды күшейту, тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимыл және жасөспірімдер арасында суицидтің көбеюі мәселелерін шешу жөніндегі 2020 – 2023 жылдарға арналған жол картасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 30 наурыздағы №156 қаулысы.

3. Ақмола облысы білім басқармасының, Ш.Уәлиханов атындағы КУ КЕАҚ және А.Мырзахметов атындағы КУ ведомствоаралық өзара іс-қимылы шеңберінде 2020-2023 жылдарға арналған психологиялық-педагогикалық зертхананың жоспары бойынша жұмысты жалғастыру.

4. Ақмола облысы білім басқармасының «Облыстық оқу-әдістемелік     кабинеті» КММ бекіткен диагностикалық қызмет бағытын іске асырудың басым мәселесі психодиагностикалық әдістердің бірыңғай тізімін қолдану болып тану.

5. Педагог-психологтың жұмысында ақпараттық-ағартушылық бағытты күшейту, ата-аналардың, педагогикалық ұжымның, оқушылардың психологиялық құзыреттілігін арттыру іс-шараларын енгізу және әртараптандыру, атап айтқанда дәрістер, әңгімелер, семинарлар, тренингтер, жеке/топтық кеңес беруді жоспарлау және өткізу, педагогикалық кеңесте, әдістемелік бірлестік отырысында сөз сөйлеу, жадынамалар мен ұсынымдарды, нұсқаулықтарды тарату. Мектеп сайты, «Күнделік» жұмыс жүйесіндегі парақшалар, жеке/топтағы әлеуметтік желілердегі өзара әрекеттесу, мәртебелерді тақырыптық таңдау, әлеуметтік желілердегі жеке парақшалардағы жарияланымдар арқылы интерактивті диалог құру. Сынып, мектептегі ата-аналар жиналыстарында, дәрісханаларда психологиялық әңгімелер, «Отбасы сағаты» арнайы күндер, «Ата-ана сағаты» жеке және отбасылық консультациялар өткізу. «Психолог бұрышы», «Психологиялық пошта», психология сабағы, психология бойынша курс немесе факультатив, сынып сағаттары, тақырыптық кездесулер, әлеуметтік желілер, жадынамалар, стендтік ақпараттар арқылы оқушыларды ағарту жұмыстарын жүргізу.  Өзін-өзі тәрбиелеу процесін ұйымдастыру көздерін көрсете отырып, өзекті тақырып бойынша экскурсия жүргізу. Тәлімгерлікті жүзеге асыру.

6. Психокоррекциялық іс-шаралар жүйесіне девиантты мінез-құлықтың барлық нормаларының (агрессия, әр түрлі тәуелділік, суицидтік мінез-құлық) алдын алуға, коммуникативтік және әлеуметтік құзыреттілікті дамытуға, деструктивті культтердің, секталардың, экстремистік ұйымдардың, маргиналды субмәдениеттердің ықпалын еңсеруге, баланың оң әлеуметтенуін, психологиялық жайлылығы мен эмоционалдық әл-ауқатын қамтамасыз етпейтін қолайсыз отбасыларды тиімді психологиялық сүйемелдеуге бағытталған жұмысты енгізу.

7. Қалалық/аудандық білім бөлімдерінің әдіскерлеріне біліктілікті арттыру, педагог-психологтардың «Жыл психологы», «Психологтың үздік кабинеті», «Озық педагогикалық тәжірибені жинақтау», «Үздік авторлық жұмыс» және басқа да түрлі деңгейдегі іс-шараларға қатысуы бойынша жұмысты жандандыру.      

8. Суицидтің алдын алу бағдарламасы бойынша «BILIM FOUNDATIN» қоғамдық қорымен жұмысты жалғастыру.

Жаңартылған күні: 19.11.2021 09:52
Құрылған күні: 19.11.2021 09:52

Текст